ШҚО-да ғалымдар мен сарапшылар Қазақстанның жаңа Конституциясын талқылауда

Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Ғалымдар мен сарапшылар елдегі конституциялық реформамен байланысты оң өзгерістерді талқылауда. Конференция Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотымен және ШҚО әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған.
– Іс-шараның басты мақсаты – реформаның негізгі бағыттарына жан-жақты талдау жүргізу, институционалдық өзгерістерді талқылау және олардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен құқықтық мемлекетті дамытуға ықпалын бағалау. Конференция – ғылым мен тәжірибе өкілдері арасындағы сындарлы диалог алаңы. Бұл сарапшылар пікір алмасып, конституциялық нормаларды іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және сот жүйесінің өкілдері, нотариустар, адвокаттар, заң кеңесшілері, ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студеқатысуда.жысуда.



