Жаңалықтар
Ұлытау облысының еңбегі сіңген педагогтері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдің білім беру саласына еңбегі сіңген педагогтерге мемлекеттік наградалар табыс етті. Атап айтқанда, ұзақ жылдарын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздар мен ардагерлерге «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдары тапсырылды.
«Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастыратын ең қадірлі мамандық иесі. Сіздердің білім мен тәрбие жолындағы адал еңбектеріңіз, жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына қосқан үлестеріңіз қашанда жоғары бағаланады. Бүгінгі марапат – ел болашағы үшін атқарған қажырлы қызметтеріңіздің лайықты жемісі», – деп атап өтті облыс әкімі өз сөзінде.
Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, білім саласының дамуына аянбай еңбек ете беретіндерін атап өтті.



