Жаңалықтар

ШҚО-да қиын жағдайға тап болған Швейцария туристеріне көмек көрсетілді

Улан ауданындағы Шыбынды көлінің жағасында аялдаған кезде жер шарын айналып саяхаттап жүрген швейцариялық туристер Кристиан Крузи мен Моника Дигельманның MAN автодомы кенеттен бұзылып қалды.

 

«102» арнасына туристерге көмек қажет екені туралы хабар түскен.

 

– Улан аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметкері, полиция майоры Қуаныш Шәкенов оқиға орнына бірден учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Олжас Рамазановты жіберді. Полицей жағдайды бағалап қана қоймай, істі өз қолына алды: жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, жергілікті шеберлерді тартты және автодомның қайтадан жолға шығуы үшін барлық қажетті көмекті көрсетті, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті.

 

Саяхатшылар көрсетілген қамқорлық пен жанашырлық үшін шынайы алғыстарын білдірді.

 

– Біз полициядан барлық қажетті көмекті алғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл бізге үлкен көмек болды. Үлкен рақмет, – деді олар.

 

Ал Олжас Рамазанов үшін мұндай жағдайда көмек көрсету – қызметтің қалыпты бір бөлігі. Оның айтуынша, өз орнында кез келген полицей дәл осылай әрекет етер еді: адам қиындыққа тап болғанда, ең бастысы – дер кезінде қол ұшын созу.

 

– Осындай жағдайларда шетте қалмай, адамдарға көмектесу өте маңызды. Сонда олардың еліміз туралы тек жақсы әсерлері ғана қалады, – дейді полиция

Басқа жаңалықтар

Back to top button