Жаңалықтар

Өскеменде Ұлттық ұлан қызметкерлері полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қазақстан Республикасы Полициясы күніне орай Ұлттық ұланның 3477 әскери бөлімінде салтанатты іс-шара өтіп, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Өскемен қаласы ішкі істер полиция басқармасының қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықталды.

 

Іс-шара барысында ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрғындардың тыныштығын қорғауға қосқан полиция қызметкерлерінің еңбегі жоғары бағаланды.

 

Салтанатты жиын кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындап жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының құқығымен «Ұлттық ұлан үздігі» медальдары табысталды. Сонымен қатар Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының құқығымен «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгілері мен грамоталар тапсырылды.

 

Іс-шара соңында 3477 әскери бөлімінің басшылығы Өскемен қаласы ішкі істер полиция басқармасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық және қызметтеріне жаңа жетістіктер тіледі.

 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен ішкі істер органдары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысты алдағы уақытта да жалғастырып, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қоса береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button