banner
Жаңалықтар

📺 Ұлттық теледебатқа жастардың қызығушылығы жоғары болды  

Құрылтай сайлауы қарсаңында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның болашағы – адам капиталы» атты Ұлттық теледебат қорытындыланды. Биыл алғаш рет корпорацияның Алматы қаласындағы жаңа медиакешенінде ұйымдастырылған саяси пікірсайысқа «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Байтақ», Қазақстан Халық партиясы, «Ауыл», «Ақ жол», «Respublica» партиясы өкілдері қатысты.

 

📎«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен теледебат барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру, еңбек нарығы, адам капиталының сапасын арттыру және қоғамды толғандырған өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Кандидаттар өз ұстанымдарын таныстырып, көрерменнен түскен сұрақтарға жауап берді.

 

Ұлттық теледебаттың телевизиялық аудиториясының басым бөлігін ер-азаматтар құрады. Аудиторияның 61,5%-ы – ерлер, ал 38,5%-ы – әйелдер. Жас ерекшелігі бойынша негізгі аудиторияны жастар құрайды. Көрермендердің 50,8%-ы – 24 жасқа дейінгілер болса, 35 жасқа дейінгі аудиторияның жалпы үлесі 61,3%-ға жетті.

Тағы бір айта кетерлік жайт, эфир уақыты УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» (Қазақстан) – «Омония» (Кипр) матчымен тұспа-тұс келгеніне қарамастан, теледебаттың қаралым көрсеткіші жоғары деңгейде болды.

 

▫️Биылғы теледебаттың ерекшелігі – бұрынғы форматтардан түбегейлі өзгеше ұйымдастырылуында. Теледебатқа қатысушылар бұл жолы қолдаушыларымен бірге брендтелген шағын автобустармен келді. Маңызды жаңалықтың бірі – партия спикерлерінің пікірсайыс мәдениеті мен өзара құрмет қағидаттарын бекітетін этика хартиясына қол қоюы болды.

 

Жобаның ашықтығын қамтамасыз ету үшін спикерлердің сөйлеу реті рандомайзер арқылы анықталып, оның нәтижесі планшеттен бірден эфирлік графикаға шығарылды.

 

📍Аумағы 1050 шаршы метрді құрайтын, 360 градустық студия LED-декорациямен, заманауи инженерлік инфақұрылыммен жабдықталды. Шатырдағы Sky-студия мен тікелей эфирдегі дрон кешкі қаланың панорамасын көрсетті.

 

❗️Саяси пікірсайыс «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы эфирінен бөлек, арнаның YouTube, Facebook, TikTok және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. Теледебатқа қатысты бейнематериалдар мен тікелей трансляцияларды әлеуметтік желілерде жалпы жарты миллионнан астам адам қараған.

 

📌Көрермендердің белсенділігі жоғары деңгейде болды. YouTube платформасында 65 мыңнан астам пікір жарияланып, 90 мың лайк жиналды. TikTok желісінде 27,5 мың пікір жазылып, 57 мың лайк басылды. Facebook платформасында 15 мыңға жуық пікір қалдырылып, 600-ден астам реакция тіркелді.

 

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook

Басқа жаңалықтар

Back to top button