banner
Жаңалықтар

Жол қозғалысы ережесін бұзған 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың жүргізушілер арасында жиі кездесетін түрлерінің бірі – көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпау және ұялы телефонды пайдалану. Аталған құқық бұзушылықтар жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсер етіп, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттырады.

 

«Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпаған 6 000-нан астам және көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 3 000-ға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қауіпсіздік белдігін тағуды және көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланбауды ескертеді.

 

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі. Заң мен тәртіп сақталған жерде қауіпсіздік те қамтамасыз етіледі.

 

Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button