banner
Жаңалықтар

«МЕН ДАУЫС БЕРДІМ!»

Ұлытау облысында дәл осындай тақырыппен арнайы фотозоналар дайындалды. Бұдан бөлек, белсенді жастар «Мен дауыс бердім!» жазуы бар арнайы брендтелген футболкаларды киіп, бекітілген сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық таңдауларын жасады.

Ұлытау облысында азаматтардың сайлау белсенділігін арттыру, тұрғындардың қоғамдық – саяси өмірге қатысуын ынталандыру және дауыс берудің маңыздылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Мен дауыс бердім!» тақырыбында 8 арнайы фотозона ұйымдастырылды. Дауыс беруге келген азаматтар осы жерде суретке түсіп, өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында бөлісіп жатыр.

Фотозона сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың назарын аударып, азаматтардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыруда.

Жастардың бұл бастамасы өз қатарластарына азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетіп, сайлауға қатысуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Жалпы, ұйымдастырылған бастама азаматтық белсенділікті арттыруға, жастардың қоғамдық өмірге араласуын қолдауға және тұрғындардың сайлау процесіне қатысу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Мұндай қоғамдық бастамалар азаматтардың өз таңдауына жауапкершілікпен қарауына және сайлау процесінің маңыздылығын айқындауға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button