Жаңалықтар

«Оңай ақша» ұсынысының астарында не жатыр: ШҚО полициясы оқушылармен дропперлік туралы әңгімелесті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы 50 мектептің 2 000-ға жуық оқушысы ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы өткізген онлайн-семинарға қатысты.

 

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Нұрай Арыстанбек оқушыларға дропперлік, кибербуллинг және интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы айтып берді.

 

Сондай-ақ ол «оңай ақша табуға» қатысты ұсыныстардың және банк картасын немесе шотын басқа адамдарға берудің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.

 

«Дропперлік — қосымша ақша табудың зиянсыз жолы емес. Мұндай схемаларға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Есептік кезеңде дропперлік фактілері бойынша 48 қылмыстық іс тіркеліп, оның 19-ы сотқа жолданды», — деп атап өтті полиция капитаны.

 

Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына кибербуллингті қалай тануға және интернеттегі жеке әрі банктік деректерін қалай қорғауға болатыны түсіндірілді.

 

Кездесу соңында полиция қызметкері оқушыларды оңай ақша табуға уәде беретін ұсыныстарға сенбеуге, банк деректерін ешкімге бермеуге және интернеттегі ойланбай жасалған әрекеттің қауіпті салдарға әкелуі мүмкін екенін есте ұстауға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button