Шығыс Қазақстан облысында кен іздеушілікке берілген 15 лицензия кері қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұзған жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке берілген 15 лицензиясын кері қайтарды.
Мониторинг шеңберінде жер қойнауын пайдалану учаскелеріне шығу арқылы тексерулер жүргізіліп, лицензия талаптары мен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тексерілді. Атап айтқанда, рұқсат етілмеген механикаландыру құралдарын пайдалана отырып кен іздеушілік жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ белгіленген талаптарды бұзудың өзге де жағдайлары анықталды.
Басқарма жер қойнауын пайдаланушылардың заңнама талаптары мен берілген лицензиялардың шарттарын сақтауына бақылауды жалғастырады. Бұзушылықтар анықталып, белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.



