Спорт
Trending

КӨКПАРДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КҮМІС ТҰҒЫРҒА КӨТЕРІЛДІ

Қырғызстанның Ыстықкөл өңірінде өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар бәсекесі мәресіне жетті. Дүбірлі додада ел намысын қорғаған Қазақстан ұлттық құрамасы күміс жүлдені еншіледі.

Ақтық сында ежелден көкпардың көрігін қыздырған Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Қос елдің тартысты бәсекесін тамашалауға 20 мыңға жуық жанкүйер жиналды.

Ойынның алғашқы минуттарында алаң иелері есеп ашты. Алайда Қазақстан құрамасының капитаны Құрманбек Тұрғанбек қарымта салым салып, есепті теңестірді. Тартысқа толы алғашқы тайм 3:2 есебімен қырғыз көкпаршыларының пайдасына аяқталды.

Екінші кезеңде алаң иелері басымдығын нығайтып, кездесуді 7:2 есебімен түйіндеді. Нәтижесінде Қырғызстан құрамасы чемпион атанып, Қазақстан көкпаршылары күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры

Бас серіктес: Спортты қолдау қоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button