Жаңалықтар

Халықтың әл-ауқатын арттыруға баса көңіл бөлінуде

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында елімізде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаймыз. Еліміз халықтың әл ауқатын арттыруды ұдайы мемлекеттің басты бағыттарының бірі ретінде ұстанып келеді. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау білдіре отырып, халықтың өз кәсібін дөңгелете отырып, әл ауқатын арттыруына барынша жағдай жасауда. Осы орайда былтыр Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын әзірлеген болатын. Аталмыш ұлттық жобаның екінші бағыты жоғары өнімді жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысының өсуіне арналған. Бүгінде экономист сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болып отырған жобадан халықтың күтер үміті көп болып отыр. Өйткені жобаның атауының өзінің көтерер жүгі ауыр. Ендеше халықтың өмір сүру сапасын жақсартады, жұмыссыздықты азайтады, елдің әл ауқатын арттырады деп күтіліп отырған ұлттық жоба сол үдеден шыға білсе игі. Атап өтер жайт, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын жүзеге асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін 102 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылып, еңбек өнімділігі 20 пайызға өседі деп күтілуде. Бұл шын мәнінде үлкен қуаныш. Егер ұлттық жоба діттеген межесіне жете білсе жұмыспен қамти отырып, талай жанның әл ауқатының деңгейі артуына ықпал етер еді. Сондай ақ еліміздегі өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі 1,5 есе ұлғаяды, ал шикізаттық емес экспортты 41 млрд доллар¬ға дейін көтеру көзделуде. Демек сырттан келетін өнім көлемін азайта отырып, Отандық өнім көлемін арттырудың маңызы зор болмақ!
Жалпы мемлекет басшысының халықтың әл ауқатын арттыру турлаы тапсырмасынан соң елімізде бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіле бастады. Мәселен бүгінгі күні «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобалар арқылы елімізде 450 мың тұрақты жұмыс орнын ашылды деген болжам жасалып отыр. Шын мәнінде халықты тұрақты жұмыспен қамтудың өзі халықтың әл ауқатының артуына айтарлықтай ықпал ететіні анық. Сондықтан бұл бағытта елімізде жасалып жатқан жұмыстар көңіл қуантып отыр.
Сонымен қатар, Президенттің 2020 жылғы 1 қыр¬күйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасы бойынша әзірленген ұлттық жобалар Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің биыл 24 қыркүйекте өткен отырысында қаралып, Мемлекет басшысы тарапынан тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданған болатын. Атап айтқанда, биыл қабылданған Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспары мен Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мақсатында «Тұрақты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», «Қуатты өңірлер – ел дамуы¬ның драйвері», «2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту», «Жасыл Қазақстан», «Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс», «Білімді ұлт: сапалы білім беру», «Саламатты ұлт: әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобалары әзірленді.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасы индустриялық-инновациялық даму, мұнай-газ-химия, энергетика кешендерін, геология саласын дамыту және шикізаттық емес экспортты арттыру секілді 5 бағытты қамтиды. Аталған бағыттарды іске асыру аясында 6 міндет, 13 көрсеткіш және 55 іс-шара көзделген. «Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 402 млрд теңге қарастырылған. 15,5 трлн теңге сомасына жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр. Ұлттық жоба 2025 жылға қарай тұрақты экономика¬лық өсуді 5 пайыздан жоғары деңгей¬де қамтамасыз етуге бағытталған. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын техно-логиялық жаңғырту бойынша шаралар қабылданатын болады. Өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңдеу өнеркәсібі тауарларының аталымын кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Ұлттық жоба аясында 1000 белсенді экспорттаушы¬ның сыртқы нарықтарға шығуы, сондай-ақ 350 жуық экспорттаушыны «Alibaba» және «Amazon» сияқты халықаралық электрондық платформаларға шығару қамтама¬сыз етілетін болады», – деді Әсет Ерғалиев.
Жоба аясында өңдеу өнеркәсібінің жоғары технологиялық өнімдерін нарыққа шығару мақсатында 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ-химия зауытын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Энергетикалық кешенді белсенді жаңғырту арқылы электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 6 пайызға жеткізілмек. «Қабыл¬данған шаралар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі 1,5 есеге артады. Шикізаттық емес экспорт 2 есеге ұлғайып, 2025 жылы 41 млрд долларды құрайды. Шикізаттық емес секторда негізгі капиталға инвестиция тартуды 75%-ға арттыру жоспарланып отыр. Экономикадағы еңбек өнімділігі 1,2 есеге өседі. Энергетикалық кешенді жаңғырту есебінен 2 000 мегаватт жаңартылатын энергия көздерінің қосымша қуаттарын іске қосу жүзеге асырылатын болады. Геологиялық зерттеулер аймағының көлемін 2,3 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button