БастыЭкономика

Халықаралық көлік тасымалын қадағалайтын ұлттық оператор айқындалады

Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы айқындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұған дейін халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау мақсатында навигациялық пломбалар енгізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Осыны жүзеге асыру мақсатында ұлттық операторды айқындау үшін конкурс жарияланды. Конкурсқа қатысушылар тиісті критерийлеге сәйкес келуі шарт.

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурс «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-1-бабына сай өтеді. Ұлттық операторды айқындау қағидалары Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген. Конкурстық өтінімдерді және конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 18 мамыр, сағат 17.30», – деп жазды ведомстводан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button