Кейінгі тәулікте үш өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Жалпы, кейінгі тәулікте 10 адамнан коронавирус анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 543-ке жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 4,
- Алматы қаласында – 5,
- Алматы облысында – 1.
Сонымен қатар, 12 адам коронавирустан айығып шықты.
Елімізде барлығы 1 291 078 адам COVID-19-дан айығып шықты.