Павлодар облысында жас қыз вагон үстіне шығамын деп тоққа түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
“18 жастағы қыз денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалып, травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, ол селфи жасағысы келіп, вагон үстіне шығып кеткен”, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бойжеткен Жолқұдық вокзалының маңында электр энергиясынан жарақат алған.
Дәрігерлер оған оң жақ төменгі аяқ-қолын термиялық күйік, денесінің оң жақ жартысы, оң жақ жоғарғы жағы III-IV дәрежелі яғни 50% күйік диагнозын қойды. Одан бөлек бас терісінің жартысы жараланған, II-III дәрежелі травматикалық шок алған.
Қазір зардап шеккен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр.