30 сәуір күні Алматының Жандосов көшесінде оқушы қыз реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде солтүстік бағытта жолды кесіп өтіп бара жатқанда жол апаты болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
“Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Бұл факті бойынша Әуезов ауданы ПП тергеу амалдары жүргізілуде”, – деді Алматы қалалық анықтау полиция департаментінің басшысы Олжас Шәріпов.