COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия еліміздегі 7 мамырдағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтерді ұсынды. Науқастар Нұр-Сұлтан мен Алматыда анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Өткен тәулікте Қазақстанда аурудың 8 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 4,
- Алматыда – 4.
Елде барлығы 1 305 592 жағдай расталды.
Қазақстанда 7 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 4,
- ШҚО-да – 3.
Елде барлығы 1 291 366 адам COVID-19-дан жазылып шықты.