COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК Қазақстандағы 14 мамырдағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәліметтермен бөлісті. Жаңа деректерге сәйкес, бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясы Қазақстанның екі қаласында анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың сегіз жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 4,
- Алматы қаласында – 4.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 644-ке жетті.
Қазақстанда 149 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Алматы қаласында – 91,
- Шымкент қаласында – 6,
- Маңғыстау облысында – 50,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 2.
Елімізде барлығы 1 291 897 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.