Жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталғандықтан, Нұр-Сұлтанда автокөлік салондарында ұзын-сонар кезек пайда болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Атамекен Business» телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна түсірген видеода ондаған адамның салон алдында кезекте тұрғаны көрсетілген.
«Тұран көшесіндегі KIA салонында сол маркалы көліктер ендігі жоқ, тек JAC қалған. Тұрғындар көршілес тұрған Chevrolet салонына бара жатыр. Адамдар сыртта кезекте тұр. Ішке 10 адамнан кіргізіп жатыр», — делінген телеарна хабарламасында.