COVID-19 таратпау жөніндегі МАБ 18 мамырда Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының жеті жаңа жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Елімізде барлығы 1 305 667 жағдай расталды, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 3,
- Алматы қаласында – 3,
- Қарағанды облысында – 1.
Сондай-ақ елде тоғыз адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 5,
- Алматы қаласында – 4.
Елімізде барлығы 1 291 922 адам COVID-19-дан жазылып шықты.