17 мамыр күні Алматы облысындағы Сарқан қаласында қоқыстан баланың денесі табылған еді. Полиция баланың анасы анықтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
“Анасының сөзінше, қыз 2017 жылы туылған және Балалардың милық сал ауруына шалдыққан. Сондай-ақ туа біте ақыл-есі кем болған. Ақпан айында бала ауырып, қайтыс болған. Осы себепті анасы өзінің інісімен бірге қызды қала шетіне жасырын көмуге шешім қабылдаған”, – делінген Алматы облысының полиция департаментінде.
Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы (“Кісі өлтіру”) бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің бақылауында. Күдіктілер аудандық полиция бөліміне жеткізілген.