БастыҚоғам

Доллар бағамы аздап төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандап жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,29 теңгеге төмендеп, 431,41 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 мамырдағы доллардың ресми бағамы 432,69 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 430,67 теңге, сату – 435,31 теңге.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,33 теңгеден сатып алынып, 434,79 теңгеден сатылуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button