Түрікменстанда экс-президенттің жылқысына ескерткіш қойылады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Turkmenportal сайтына сілтеме жасап.
Түрікменстанның жаңадан сайланған басшысы Сердар Бердімұхамедов Ашхабадтағы Ақалтеке ат кешенінің алдына Ақханның (экс-президенттің жылқысы) мүсінін орнату туралы қаулыға қол қойды. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады, нысан желтоқсан айында тапсырылуы тиіс.
Ақхан -Гурбангулы Бердімұхамедовтың өзі баптаған жылқы. 2018 жылы бұл жылқы Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта итіне ескерткіш орнатқан.