Бүгін Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің шаруашылық саласы бойынша меңгерушісі қоймадан жарылғыш затқа ұқсас құрылғы табылғаны туралы полицияға хабарлаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, мектептегі адамдарды толықтай эвакуациялады.
«Табылған құрылғыны техник-мамандар зерттеп, қауіпсіздік мақсатында оны оқиға орнында жоюға шешім қабылдады. Осыған байланысты барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жарылыс жасалды», – деп көрсетті Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.