Алматы облысында BMW X5 көлігі үйдің үстіне құлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, BMW көлігінің қатысуымен болған жол апаты 24 мамырға қараған түні Іле ауданы, Боралдай ауылында болған.
“Жүргізуші – 29 жастағы жергілікті тұрғын, ол көлікті басқара алмай, жолдан ұшып кетті. Автокөлік жеке тұрғын үй ғимаратының төбесіне түсіп, газ құбырының доғасын зақымдады, сондай-ақ электр сымдары бар бағанды құлатты”, – делінген хабарламада.
Жүргізуші жеңіл жарақат алды, ол ауруханаға жатудан бас тартты.
“Құқық бұзушы ҚР ҚК 610-бабы “Көлiк құралын, жолдарды, жол және өзге де құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi зақымдап, материалдық залал келтiруге әкеп соққан көлiк құралы жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады”, – деді полиция өкілі.
Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр.