Қоғам

Көкшетаулық азамат көршісінің үйін балаларымен қоса жағып жібермек болды

Көкшетау полицейлері ішінде бала бар жеке үйді өртегісі келгендерді анықтап, жағдайдың алдын алды, – деп хабарлайды Basnews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 мамырда Көкшетау Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен. Әйел полицейлерге үйіне көршісі жанармай құйып, өртем жіберемін деп қорқытқанын айтқан.

Оқиға орнына дереу келген учаскелік полиция инспекторлары Борис Толгуров пен Ерқанат Орынбай үйден екі ер адамды ұстады. Олардың екеуі де мас болған.

Кәмелетке толмаған 4 бала үй ауласында, ал біреуі үй ішінде болған. Сонымен қатар, үй жиһаздары мен қабырғаларына жанармай құйылған.

Қаскүнемдер көнбей, оттық жағып, қоқан-лоқы жасауын тоқтатпаған. Тәртіп сақшылары оларды тез арада ұстап, Полиция басқармасына жеткізген. Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижелері бойынша шешім қабылданатыны айтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button