COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК Қазақстанда 27 мамырға арналған эпидемиологиялық ахуал туралы деректерді ұсынды. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, еліміздің үш өңірінде тоғыз жаңа жағдай анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының тоғыз жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 3,
- Алматыда – 5,
- СҚО-да – 1.
Жалпы, елімізде 1 305 732 жағдай расталды.
Коронавирус инфекциясынан жеті адам емделіп жазылды:
- Алматыда – 5,
- Қостанай облысында – 1,
- Павлодар облысында – 1.
Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 291 975 адам сауыққан.