ДенсаулықҚоғам

9 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды

COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК Қазақстанда 27 мамырға арналған эпидемиологиялық ахуал туралы деректерді ұсынды. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, еліміздің үш өңірінде тоғыз жаңа жағдай анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының тоғыз жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтанда – 3,
  • Алматыда – 5,
  • СҚО-да – 1.

Жалпы, елімізде 1 305 732 жағдай расталды.

Коронавирус инфекциясынан жеті адам емделіп жазылды:

  • Алматыда – 5,
  • Қостанай облысында – 1,
  • Павлодар облысында – 1.

Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 291 975 адам сауыққан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button