Технология
iPhone-да қазақ тілі пайда болады
iOS 16 жаңарды, енді iPhone-да қазақ тілі пайда болады, – деп хабарлайды degeneken.kz.
iOS 16 байланыс орнатудың тәсілдерін кеңейтті.
Apple ресми сайты бұл жолы операциялық жүйені толықтай жаңартқанын хабарлады.
“Операциялық жүйе жаңа тілдермен толықты. iOS 16-да қазақ және болгар тілдері болады”, – делінген хабарламада.
Қазақ тілінде мәзір және теру кезінде қазақ тілін автокоррекциялау функциясы қолжетімді болады. Жаңа өзгерістер iOS 16-да пайда болады.
Еске салайық, 2019 жылы iOS 13-те қазақша пернетақта пайда болған еді.