БастыСаясат

Қазақстандағы референдум қорытындысы жарияланды

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум қорытындысын жариялады, – деп хабарлайды degeneken.kz.

ОСК мәліметінше, сайлау құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берген. Референдумға дауыс берушілердің 68,05 пайызы қатысты.

Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға енгізлетін түзетулерді жақтап дауыс берген. Түзетулерге қарсы – 18,66 пайыз (1 490 470 адам). Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылды. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньдердің 1,58 пайызы есепке алынған жоқ.

“Бұл еліміздің негізгі заңына (Конституцияға – авт.сек.) енгізілген түзетулер қабылданды деп танылды деген сөз”, – деді ОСК өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button