Бұған дейін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева алдағы оқу жылының оқу-тәрбие үдерісінің бір ерекшелігі – 5-11-сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» атауымен курстың енгізілуі екенін айтты, деп хабарлайды degeneken.kz.
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» курсы 5-11-сыныптарда факультатив форматында оқытылатынын түсіндірді.
Курс мынадай модульдерден тұрады:
- Қаржы сауаты және кәсіпкерлік негіздері,
- «Азаматтық»
- «Адалдық және этика»
- «Экологиялық мәдениет»,
- «Сыни тұрғыдан ойлау»,
- «Зайырлылық және дінтану негіздері»,
- «Медиасауат».
Балалар сыныптары мен жас ерекшеліктеріне қарай аталған бағыттар бойынша оқытылады, – деді Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі