БастыҚоғамТехнология
iOS16 операциялық жүйесіне қазақ тілі қосылды
iOS16 операциялық жүйесіне автотүзету функциясымен қазақ тілі қосылды, деп хабарлайды degeneken.kz.
Бұл туралы Instagram желісінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Бүгін Apple әлем күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды, себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне қазақ тілі қосылды, автотүзету функциясымен.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, – деді Бағдат Мусин
Министр бұл қазақтілді қолданушылар санының артып жатқанын көрсететінін атап өтті.
2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды. Бұл – қазақтілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз, деді Бағдат Мусин.