БастыЭкономика

Доллар бағамы тағы көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,68 теңгеге қымбаттап, 433,45 теңгені құрады, деп хабарлайды degeneken.kz

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,03 теңгеге өсіп, 7,10 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 64,89 теңгені (+0,52) құрады.

Еуроның орташа бағамы 458,11 теңге болды.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 432-437 теңгеге сатылды/сатылса, еуро 461-467 теңгеге өсті, рубль – 6,45-6,85 теңге.

Бұл ретте таңертеңгі саудада Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 0,3%-ға қымбаттап, 120,93 долларды құрады, WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 0,4%-ға өсіп, 119,89 долларды құрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button