Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Габалда Әзірбайжан командасымен оқу-жаттығу жиыны барысында алғашқы жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды degeneken.kz
Ойын 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Кездесудің 54-минутында Ян Труфанов алаң иелерінің қақпасына гол соқты. Әзірбайжандықтардан Джавад Керимов 86-минутта, яғни кездесудің соңында жауапты соққы берді.
10 маусымда Вахид Масудовтың шәкірттері екінші бақылау ойынын өткізеді.