Культура

(Қазақша) Түркістан өнерпаздары Алматыда «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» атты концерт өткізді

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Алматыда Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың әндерін насихаттау мақсатында «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» атты концерті өтті. Кеш шымылдығы Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әнімен ашылды.
Концерт барысында филармония әншілерімен қатар, кеш қонақтары ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сәбира Әбдірайымова, Талғат Күзембаев, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева өнер көрсетті.
Өнер кешінде қазақ вальсі королінің халық жүрегінен орын алған 23 шығармасы оркестрдің және ВИА-ның сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқалды. Сонымен қатар қалың көпшілікке туындылардың шығу тарихы таныстырылды. Дарынды композитор қоржынында 300-ге тарта ән бар. Әрбір туындысы жүрек төрінде жатталған өнер иесінің әндері филармония әншілерінің орындауында жаңаша сипат алды.
Концерт залының фойесінде Түркістан облыстық тарихи өлкетану мұражайы Шәмші атамызға арналған көрме әзірледі. Рухани мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналған Ш.Қалдаяқовтың өміршең әндерін дәріптеу мақсатында өткен концерт Шәмші әндеріне сусап келген тыңдарманның көңіліне керемет сезім сыйлап, көпшіліктің оң бағасын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button