БастыСпорт

Милад Карими гимнастикадан Азия біріншілігінде қола медальға ие болды

Катардағы спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды degeneken.kz

Қазақстандық гимнасттардың көшбасшысы 14.133 ұпай жинап, қол тіреу жаттығуларында үшінші орынды иеленді.

Дохадағы Азия чемпионаты осы жылдың 28 қазанынан 6 қарашасына дейін Ливерпуль қаласында өтетін Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі болды.

Енді қазақстандық гимнасттар осы және басқа да жауапты жарыстарға, соның ішінде Әлем кубогына дайындалатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button