БастыҚоғам

Су 350 теңгеден – Аймағамбетов мектеп асханаларындағы бағаны төмендетуді тапсырды

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп асханаларындағы бағаға наразы болды, деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Буфеттерде баға бойынша көптеген сұрақ бар. Әр білім басқармасы бұл мәселеге ерекше назар аударуы керек. Бөтелкедегі 0,5 литр су 350 теңге тұрады. Бұған жол беруге болмайды, – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов

Жалпы ведомство басшысы мектеп мәзірін оқу жылы басталғанға дейін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қайта қарау қажет деп есептейді.

Бұл мәселені шешу үшін біз заңнамалық актілерге түзетулер енгіземіз. Оқу жылы басталғанға дейін бұл мәселе шешілуге тиіс. Мәзір ата-аналарға әлеуметтік желілерде немесе мектеп сайттарында да қолжетімді болуы керек, – деді Асхат Аймағамбетов

Басқа жаңалықтар

Back to top button