Жаңалықтар

Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетін басқарады

Сенаторлар депутат Нариман Төреғалиевті Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы етіп сайлады, деп хабарлайды degeneken.kz.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағалығына сенатор Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын депутат Нұртөре Жүсіп ұсынды.

Ол Нариман Төреғалиевтің еңбек жолын совхоз жұмысшысы болып бастағанын, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын экономист мамандығы бойынша бітіргенін айтты. БҚО-ның бірқатар шаруашылықтарында еңбек етіп, Теректі, Ақжайық аудандарында басшылық қызметтер атқарды, Орал қаласының әкімі болды. 2017 жылы алтыншы сайланған Парламент Сенатының депутаты, Сенат Тұрақты комитетінің хатшысы болып сайланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button