БастыЖаңалықтар

Қазақстанда жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша несие беру ережелері өзгерді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі міндетті сақтандыру шарттары бойынша несие беру ережелеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлады, деп хабарлайды degeneken.kz

2022 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасы «Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі №274 қаулысына өзгерістер қабылдады, – деп хабарлайды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомствода атап өтілгендей, өзгерістер сақтандыру ұйымына өз клиенттеріне Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша несие беруге тыйым салуды көздейді.

Сақтандыру ұйымының клиенттен жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша несие алуы үшін артық құжаттарды талап етуіне жол бермеу үшін қажетті құжаттар тізімі нақты анықталған, – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Агенттіктің мәліметінше, бұл өзгерістер сақтандыру ұйымдарының өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша қарыздар беруі кезінде сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыруға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button