БастыЖаңалықтар

«ҚазТрансГаз Аймаққа» бес миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Компания 2021 жылға тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаған. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлім етті, деп хабарлайды degeneken.kz

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 166-бабының екінші бөлігі бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қолданылмаған соманың он пайызы көлемінде сомасы 5 340 143 теңге болатын айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды іске асыру саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі бола тұра шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.

Алайда, Қоғам 2021 жылға тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button