БастыЭкономика

Ұлттық банк маусымда теңге не себепті күрт әлсірегенін түсіндірді

Маусым айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 долларға шаққанда 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ға әлсіреді. Ұлттық банк теңгенің күрт әлсіреуіне не әсер еткенін түсіндірді, деп хабарлайды degeneken.kz

Банк таратқан мәлімет бойынша, маусымда теңге бағамы 1 долларға шаққанда 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 115 млн АҚШ долларынан 96,4 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Маусымда сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,1 млрд АҚШ долларына тең болды.

Энергия тасымалдаушылардың қолайлы бағасына қарамастан, ұлттық валюта бағамы шектеулі валюта ұсынысы мен валютаға деген сұраныстың бір уақытта өсуі аясында әлсіреді. Валюта ұсынысының төмендеуі – экспорттаушылардың салық төлеу үшін валюта сатуды қысқартуына, ал сұраныстың өсуі дивиденд төлеудің басталуына байланысты болды, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі

Банк өкілдерінің сөзінше, валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау болды, олар шамамен 480,4 млн АҚШ долларына тең.

Маусымда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта 438,3 млн АҚШ долларына сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 20,7%-ын құрады.

Маусым бойы ішкі валюта нарығында Ұлттық банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырған жоқ, – деді ҚР Ұлттық банкі

Орталық банк «қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болатынын» атап өтті.

Ұлттық банк теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button