Общество

(Қазақша) Манкент ауылдық округінде өткен онкүндікте 20 іс-шара атқарылды

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Аудан әкімі Уласбек Садибековтің бастамасымен Манкент ауылдық округінің аумағында «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында іс-шаралар өз деңгейінде өтті.

Аудан әкімі қорытынды жиында іс-шараның негізгі мақсатына тоқталды. Өз сөзінде ауыл әкімшілігі берілген уақытта тұрғындармен асар жолымен жұмыстар жүргізіп, уақытта тиімді пайдалана отырып, жақсы нәтижеге қол жеткізгендерін атап өтті.

Осы мақсатта ауылдық округінің аумағында нақты атқарылған жұмыстар төмендегідей:
✅көшелер мен мекемелер аумағында сенбіліктер ұйымдастырылды;
✅4 дана трансформатор қоршалды. Алдағы уақытта 4 дана трансформаторды қоршау жоспарлануда;
✅42 дана жарықтандырулар ретке келтірілді;
✅3 зиярат (мазарат) орындары тазаланып, абаттандырылды;
✅көше атаулары жазылған тақтайшаларын сырлау, жөндеу, қосымша 40 дана көше аншлагтарын орнату және 1000 үйге нөмірлеу жұмыстары жүргізілді;
✅мәдениет үйінің кіреберіс жеріне демеушілер есебінен пандус орнатылды;
✅Айнабұлақ көшесінде демеушілер тарапынан жаяу жүргіншілерге арналған көпір орнатылды;
✅электр бағаналары әктелініп, сырланды және жол бойындағы қураған шөптер орылды;
✅кәсіпкерлік нысандардың қасбеттері ретке келтіріліп, нысандардың алдына жаяу жүргіншілер үшін жолаяқ салынды;
✅Манкент елді мекен атауының белгісі жөнделді;
✅жол бойындағы ретсіз сауда орындарын жою бойынша полиция және сәулет және құрылыс бөлімінің мамандарымен бірлесе түсіндірме жұмыстары атқарылды;
✅ауыл тұрғындары арасында спорт бөлімінің мамандарымен бірлесе спорттық жарыстар ұйымдастырылды;
✅Жаңақұрылыс аумағындағы жолдарға тас төсеу жұмыстары жоспарланды;
✅Манкент ауылының орталығына қоғамдық дәретхана салынды;
✅ауыл аумағындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға демеушілер көмегімен қайырымдылық көмектер көрсетілді;
✅Мүмкіндігі шектеулі балаларды Шымкент қаласындағы «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағына демеушілер есебінен саяхат ұйымдастырылды;
✅Манкент ауылындағы «Малика», «Арман» және «Розақұл ата» балабақшалары маңында жаяу жүргіншілерге арналған сызықтар сызылып, тозығы жеткен жол кедергілері демеушілік көмегімен қайта қалпына келтірілді;
✅ауыл аумағындағы ішкі арықтарды механикалық тазалау жұмыстары кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімімен бірлесе жүргізілді;
✅О.Құрбаналиев және Айнабұлақ көшелеріндегі жоғары кернеулі электр сымдарына қосымша бағаналар «Оңтүстік Жарық» мекемесі тарапынан орнатылды;
✅Алматы тас жолы бойына ұзындығы 2,6 шақырым жеріне 31 электр бағанасы орнатылып, жоғары кернеулі электр желісін тарту жұмыстары демеушілер және «Оңтүстік Жарық» мекемесі тарапынан жүргізілді.

Орындалмаған 4 іс-шара бақылауда қалып, алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетін болады.

Олар жеке кәсіпкер тарапынан құрылып жатқан жекеменшік мектептерге баратын жолдарды орта, сонымен қатар ауыл аумағындағы 2020-2021 жылдары орта жөндеуден өткен ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеуден өткізу, облыстық маңызы бар Алматы және Аққала-Сарқырама жолдары бойына жол белгілерін орнату, ауыл округі аумағындағы ауыз су құдықтарын және ауыз су құбырларын ретке келтіру жұмыстары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button