Общество

(Қазақша) Аудан әкімі Манкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесу өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында аудан әкімі Манкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімі алдымен 5 көп балалы ананы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 маусымдағы Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттап, алғысын жеткізді.

Марапаттау рәсімінен кейін, ағымдағы жылдың мамыр айында аудан әкімі тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелердің шешімін қарастыру барысында атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталды.

Атап айтқанда,
1. Айша бибі мектебіне баратын О.Курбанов көшесінің жол бойына жарықтандыру орнату:
— О.Құрбанов көшесіне көше жарықтандыруларын орнату үшін құны 1,4 млн теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттама әзірленген. 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен орнатылады.
2. Аққала елді мекені, Ал Фараби көшесіне трансформатор орнату;
— Әл-Фараби көшесіне трансформатор орнатуға сметалық құны 7,4 млн теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттама дайындалған. Аудандық мәслихаттың алдағы сессиясына ұсынылды.
3. Ауыл округінде орналасқан ағын су каналдарын бетондау;
— «Сай», «Соқақ», «Кент» және «Лакалай» каналдарын бетондау жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттарын дайындап, құрылысын жүргізу үшін құжаттар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды.
4. Аксукент-Манкент-Жібек жолын қиылыстыратын жолға күрделі жөндеу жұмыстары талап етілуде;
— Манкент ауылдық округіндегі аудандық маңызы бар KXSR-18 «Алаш-Манкент-Сиқым-Жібек Жолы-М-32 аудандық маңызы бар автомобиль жолы» 13 шақырым жөндеуге 1,5 млрд. теңгеге қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС-і анықталды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Құрылыс жұмыстары 2022-2024 жылдарға өтпелі.
5. М.Алиқулов көшесіне қосымша трансформатор орнату:
— М.Әліқұлов көшесіне қосымша трансформатор орнатуға аудандық бюджеттен 6,8 млн теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
6. Айнабұлақ-1 көшесін орта жөндеу жұмыстарын жургізу;
— Айнабұлақ-1 көшесін орта жөндеу жұмыстарына 25,2 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Аудан әкіміне тұрғындар Алматы көшесінің жоғары жағындағы тұрғын үйлерге ауыз судың жеткізілмейтіні, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орынның толуы, Аққала елді мекенінен жайылым жер қарастыру және осы елді мекеннің орталық көшесіне асфальт төсеу және өзге де мәселелерді көтерді.
Сұрақтарға сәйкес, аудан әкімі және тиісті сала басшылары жауаптарын беріп өтті.

Кездесу барысында ауыл белсенділерінен имам, этномәдени бірлестігінің жетекшісі, халық қалаулысы қоғаммен атқарып отырған жұмыстарын таныстыра отырып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Ұ.Сәдібекұлы: «Бүгінгі кездесу өздеріңізбен ашық пікірлесіп, ақылдасу түрінде өткізілуде. Ауыл белсенділері ортаға шығып, өздерінің жүргізген жұмыстарын айтып, қоғамға қажет, маңызды мәселелерді түсіндіріп жатыр. Сіздердің тараптарыңыздан айтылған мәселелердің барлығы бақылауға алынады. Салалармен зерделеніп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Келесі кездесуімде осы атқарылған жұмыстардың нәтижесін толық баяндайтын боламын», — деді.

Манкенттіктер ауылдық округінде қолға алынған бірқатар жұмыстар үшін аудан әкіміне алғыстарын жеткізіп, ақ батасын берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button