Образование

(Қазақша) Жаңа оқу жылында жекеменшік бастауыш мектебі ашылғалы отыр

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айына Ақсукент-2 ауылының аумағынан «Aqsu Education» жекеменшік бастауыш мектебі ашылғалы отыр.

Аталған мекеменің алдағы жоспарымен аудан әкімі танысып, өз кезегінде оқытылатын балаларға ыңғайлы жағдай жасау, сапалы білім мен тәрбие беру мәселесіне назар аудару қажеттілігін айтып өтті.
Жаңа оқу жылынан бастап екі қабаттан тұратын мектепті Төлепбергенова Гүлсім Сәрсенбайқызы басқаратын болады.

Жекеменшік білім беру мекемесінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай оқытылады. Балалар үшін ыстық тамақ, ұзартылған күн тобы, түрлі үйірмелер жұмысы, тиімді оқыту әдістері қарастырылған. Аталған ғимаратты қайта жөндеуден өткізіп, жабдықтауға кәсіпкер өз есебінен 150 млн. жуық қаржы жұмсаған. Ғимараттың ішінде оқу сыныптары, мұғалім бөлмесі және асханасы бар. Сыйымдылығы 100 балаға арналған. Білім беру мекемесіне 20-ға жуық тәжірибелі, білікті маман қабылданбақ.

Мұнда балаларды екі тілді оқыту жоспарлануда. Қазақ және орыс сыныптарын ашу көзделген. Осы сыныптарға 0-4 сынып оқушыларын қабылдап, оқыту жүйесіне сәйкес білім берілмек.
Мектеп бағдарламасына сәйкес, математика және логика, ағылшын тілі, көркем жазу, жылдам оқу, сурет салу пәндері оқытылатын болады.

Ал, өнер жағынан домбыра, хореография болса, шахмат, тоғызқұмалақ спорт ойындары қосымша үйрету қолға алынады. Үйірменің мақсаты — балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаңа өнерді үйреніп тану, шеберлік шыңдау.

Алдағы уақытта мектепте білім алушылар үшін тасымалдау қызметі де шешілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button