Жаңалықтар

Биыл Балықты ауылының 13 көшесі орташа жөндеуден өтеді

Ауданымыздағы халқы тығыз шоғырланған окургтердің бірі Балықтының асфальт жабындысы төселмеген 12 шақырымды құратын 13 ішкі көшесі «Ауыл Ел-Бесігі» бағдарламасы аясында биыл толығымен орташа жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілмек. Нәтижесіне 5 мыңнан астам халқы бар округ орталығының ішкі көшелерінің қанағатты жағдайы 100 пайызға жетеді.

Дәлірек айтсақ, соңғы жылдары халық тарапынан аудан әкімінің есебінде жиі көтеріліп келген Сыпатай батыр, Болашақ, Құрманғазы, Сейфулин, Нарботалұлы, Алан, Желтоқсан, Нұртаев, Бәйтерек, Нұршуақ, Рахым, Балықты, Наурыз көшелері.

Бүгін аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы аталған округке жауапты мамандармен бірге арнайы барып, асфальт жабындысы төселінген Құрманғазы, Болашақ, Алан көшелерінің сапасын бақылады.
Көшені жаяу аралап, жол құрылысының біршама кемшілік тұстарын анықтап, ретке келтіру мақсатында жауапты мердігерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Бүгінгі таңда 13 көшенің 3-не асфальт жабындысы төселсе, 4 көшенің астынғы жабындысына тас төсеп, нығыздау жұмыстары іске асуда. Жолдар құрылысы ағымдағы жылдың қараша айында толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button