БастыЖаңалықтар

Атырауда жүкті әйел қайтыс болды

Атыраудағы медициналық мекемелердің біріндегі жүкті әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды degeneken.kz

Әлеуметтік желіде осы жайтқан қатысты видео тарады. Автордың айтуынша, жүкті әйел ауыр жағдайда ауруханадан шығарылған.

32 жастағы жүкті әйелдің өлімі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жарияланбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button