БастыЖаңалықтар

Отандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарында «алтын» еншілеп, рекорд жаңартты

Қазақстан спортшы Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс тәсілімен жүзуден топ жарып, Ислам ынтымақтастық ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ, ол осы жарыс түрінен рекорд жаңартты, деп хабарлайды degeneken.kz

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, финалда Аделаида Пчелинцева брасс тәсілімен жүзуде 50 метр қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып Ислам ойындарының рекордын жаңартты.

Ол Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді артта қалдырып, алтын медаль олжалады.

Бұл – Ислам ынтымақтастық ойындарындағы Қазақстанның 13-інші алтын медалы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button