Новости

(Қазақша) Тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков Жібек жолы ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кезекті кездесуін өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Атап айтқанда,
1. Жібек жолы елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету, Машат елді мекеніндегі ауыз су жүйесін Жібек жолы елді мекенінен бөлу.
— Түлкібас ауданы Шыбынды елді мекенінен 3 шақырым ауыз су құбырын жүргізуге 22,0 млн. теңге қаржы қаралып, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, Жібек жолы ауылының ауыз су жүйесін ауыстыруға 224,0 млн теңгеге ЖСҚ-ы дайындалды.
2. Сиқым елді мекеніндегі су мұнарасын үлкейту мүмкіндігін қарастыру.
— Сиқым елді мекеніндегі су мұнарасын үлкейту, Жібек жолы ауылының ауыз су жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу үшін 5,6 млн. теңгеге ЖСҚ-ы дайындалған, аталған ЖСҚ-да су мұнарасын үлкейту қаралған.
3. Ауыз су құбырларына, оның ішінде «Нұршах» демалыс орны және «Файз» дәмханаларына жүргізілген құбырларға тексеру жүргізу.
— Машат ауылындағы «Нұршах» демалыс орны ауыз су жүйесіне заңсыз жалғанғаны анықталып, жүйеден ажыратылды және ісі сот қарауына жолданылды. Ал, «Файз» дәмханасының ауыз су жүйесіне заңсыз жалғанғаны анықталып, ісі сотта қаралды және 3,7 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
4. Жібек жолы ауылы аумағындағы су құбырындағы істен шыққан су бұрандаларын алмастыру.
— Су құбырындағы істен шыққан 3 дана су бұрандалары жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Жібек жолы ауылына ауыз су кестеге сай берілуде.
5. «Төменгі Аққала» каналының 3 шақырымын бетондау.
— «Төменгі Аққала» каналының 7 шақырымы бетондалған, бетондалмаған 3 шақырым бөлігін бетондау үшін облыстық салалық басқарма тарапынан жоба жасауға қаржы қарау үшін облыстық мәслихатқа ұсынылды.
6. «Көкпар» ұлттық ойынына тұрақты жер қарастыру.
— Жібек жолы ауылы Жібек жолы көшесінен Машат елді мекеніне шыға берісі (орыс мазараты маңы) бойынан 3,2 га жер қарастырылды.
7. Жібек жолы ауылының аумағындағы 48 га жайылым жерді ауылдық округ теңгеріміне қайтару.
— Жібек жолы аумағындағы 48 га жайылым жер жеке меншікте. Аталған жайылымдық жер сот шешімімен меншік иесінің пайдасына шешілген.
8. Жібек жолы, Машат елді мекендерін жалғайтын 3,7 шақырымдық ескі жолды күрделі жөндеуден өткізу.
— Жібек жолы, Машат елді мекендерін жалғайтын 3,7 шақырымдық ескі жолды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына 334,0 млн. теңге республикалық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.
9. Жібек жолы ауылы А.Әлсеитов көшесіне электр бағаналарын орнату.
— Аталған көшеге электр бағаналырын орнату үшін 2,5 млн. теңгеге ЖСҚ-ы дайындалды. Алдағы уақытта аудандық бюджеттен қаржы қаралатын болады.
Бұдан бөлек, кездесуге келген бірқатар белсенді тұрғындар тарапынан электр бағаналарын ауыстыру, ауыз су және жайылым жермен қамту, жол және «Төменгі Аққала» каналын жөндеуден өткізу секілді талап-өтініштері болса, ендігі кезекте аудан басшылығы мен ауылдық округінің әкіміне қатысты сын-пікірлері айтылды.
Өз кезегінде аудан әкімі талқыланған өзекті мәселелер бақылауға алынатынын, бүгінгі күні берілген жауаптармен қоса, зерделеу жүргізілетінін түсіндірді. Келесі тоқсанда халықпен өтетін кездесуде тиісті салаларда атқарылған жұмыстардың нәтижесі таныстырылатынын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button