(Қазақша) Абай әлемі — даналық мұхиты

Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клубында 10 тамыз — «Абай күніне» орай, «Абай әлемі — даналық мұхиты» атты аудандық әдеби байқауы өткізілді.
Байқауға аудандық орталық балалар кітапханасының және Құтарыс, Ақбұлақ, Сиқым, Низамабад, Таскешу, Манкент, Жібек жолы, Қарамұрт ауыл кітапханаларының оқырмандары қатысты. Қазылар алқасы болып Н.Сулайманов атындағы жалпы орта мектебінің директор орынбасары – Қантаева Назым , Сайрам АОКЖ КММ-нің директор орынбасары — Шахсанам Чинкарова, Ханқорған ауыл кітапханасының ктапханашысы — Алтынай Айтекеева мүшелік етті. Аудандық байқау 3 кезеңнен тұрды:
1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу (2-3 минут);
2. «Абайдың қара сөздері» – Абайдың қара сөздерін жатқа оқу (3-4 минут);
3. «Құлақтан кіріп, бойды алар. Әсем ән мен тәтті күй» – Абай әндерін орындау (2-3 минут);
Байқаудың шарттарына сай қатысушы үміткерлер өз шығармашылықтарын танытты. Қазылар алқасының шешімімен
«Көрермен көзайымы» номинациясымен Қыдырбек Бегайдар, «Көркемсөз шебері» номинациясымен Жолдасбек Самғар, ІІІ орын – Сейітжан Нұрай, ІІ орын – Хабит Нұрай, І орын- Сейітжан Назым ие болды. Байқау жеңімпаздарына диплом мен сый-сияпат тапсырылды.



