Новости

(Қазақша) Сайрам: «Мектепке жол» акциясы өтуде

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Бүгін Сайрам ауданының Ақсукент ауылының орталық дендро-саябағында «Мектепке жол» акциясы өтуде.
Жәрмеңкеде аудан тұрғындары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті барлық канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағада сатып ала алады.

Жәрмеңкеге облыстық және аудандық кәсіпкерлер қатысты. Олар оқуға қажетті құрал-жабдық пен мектеп формасын, спорттық киімдер және т.б. тауарларды 10-15 пайыздық жеңілдікпен сатуда. Базар нарқындағы 4500-5000 теңгелік көйлектер 2500-3500 теңгеден, ұл балаларға арналған костюм-шалбар-жакет 12 500 теңгеден басталады. Бұдан бөлек, базардағы 60 теңгелік қаламсап 40 теңге, өшіргіштер 80 теңге, қайшы 200 теңге, түрлі-түсті қарандаштар 500 теңге, 48 беттік дәптер 180 теңге болса, ал 36 беттігі 150 теңгеден сатылуда. Таңдау — бар, тауар құны — арзан, сапасы да сай.

Шараға ауданнан және Шымкент қаласынан кәсіпкерлер қатысты. Жәрмеңкеде отандық өндірушілердің тауарлары басым болды. Атап айтар болсақ, жергілікті тігін фабрикасы «АЛТЫН АДАМ» және «Гаухар» тігін фабрикасы мен «Алатау» текстиль фабрикасы да өз тауарларын төмен бағада ұсынды. Талапқа сай жаңа мектеп формасының үлгісінің дефилесіде көрсетілді.

Тауар құны әдеттегіден төмен болғандықтан, жәрмеңкеге өзге өңірлерден келгендер де бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button