Общество

(Қазақша) Жаңа Жолдау – жаңа міндеттер

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Бүгін,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

Президент бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтты. Мемлекет Басшысының айтуынша  бұл реформалар Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудағы аса маңызды қадамдар болмақ.

Жолдауда көтерілген басты мәселелер  – қазақстандықтардың табысын арттыруға,  әлеуметтік жағдайын жақсартуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, ел экономикасын модернизациялауға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Осы орайда, халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне әсер ететін тың бастамаларға тоқталып өтуді жөн санап отырмын.

Мемлекет басшысы орнықты экономикалық өсу болу үшін салық саясатында өзгерістер болатындығын жеткізді.

Бұл орайда, фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалатын болады. Жаңа салық кодексі бойынша кез келген бетпе-бет өзара іс-қимылға тоқтау қойылып, толықтай цифрландыруға өту арқылы салықтық бақылау күшейтілмек.

Салық реформасы аясында «сән-салтанат салығы» енгізіліп,  қымбат жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сатып алған кезде арнайы салық алынбақшы және ол орта тапқа әсер етпейді.

Жолдауға сәйкес келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыру бастау алып, екі жыл ішінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда толықтай жарақтандырылған медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, 32 аудандық аурухана жаңғыртылатындығын жеткізді.

Президент бала-бақша тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру, сәйкесінше жалақысын көтеру алдағы міндеттердің бірі екендігін айтып өтті.

Әрине, Жолдауда халықты толғандыыратын жалақы мәселесі де назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысының айтуынша ең төменгі жалақы деңгейі 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтерілмек. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.

Сондай-ақ, зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%–на дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу көзделген.

Осы тұста, кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жыл деңгейінде белгіленетіндігін айтты.

Еліміздің болашағы жастар екендігі барлығымызға мәлім. Сондықтан, жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.

Бұл орайда, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіліп, оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетін болады.

Тағы бір жақсы жаңалық, Мемлекет басшысы балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасы іске қосылатындығын айтты. Яғни, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% — ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударылатын болады. Жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу тапсырылды.

Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Қор шын мәнінде халықтың мүддесіне қызмет етіп, жастарға үлкен өмірге аяқ басуына серпін бермек.

Сонымен қатар, Президент ызғарлы қаңтар оқиғасына да тоқталып, қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған және өткен іске өкініп отырған азаматтарға кешіріммен қарап, бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Мұның өзі Президентіміздің көрегендігі мен халыққа жақын екендігін көрсетіп отыр.

Жалпы, Жолдауда айтылған жұмыстарды еңсеру арқылы мемлекетіміз өз дамудың жаңа дейгейіне көтеріледі деп ойлаймын.

Еліміз қазіргі заманға сай болу үшін жаңаша өрлеу бастауында тұр.

Сондықтан, түркістандықтар Президентіміздің бастамаларын қолдап, Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, оларды іске асыруға белсенді қатысып, облыстың әлеуметтік — экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш — қайратымызды жұмсайтын боламыз!

 

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев

Басқа жаңалықтар

Back to top button